ҚР Президенті Әкімшілігі, орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық Банк, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшылығының қатысуымен инвестицияларды ұлғайту және игерудің соңғы кезеңдеріндегі кен орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Атап айтқанда, өндіріс көлемі, жұмыспен қамту және салық салу мәселелері қозғалды.

Премьер-Министр ЖЖМ ішкі нарығын тұрақты қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорды толықтыру, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау үшін осындай кен орындарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар отырыста жер қойнауын пайдалану саласындағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды.