Өткізу пунктінің жұмыс уақыты ұлғайтылды, Қазақстанның тасымалдаушылары мен жүргізушілеріне визалық қолдау көрсетіледі, электрондық кезек жүйесінің функционалы жақсарады. Өңір әкімдігі мен жергілікті құқық қорғау органдары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетеді.
ҚР "Атамекен" ҰКП тасымалдаушылармен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен ҚХР-ға кіру үшін барлық заңнамалық талаптарды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
14-17 наурыз аралығында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қытайдан Қазақстанға жүктерді өткізу үш есеге өсіп, тәулігіне 500-ден астам машинаны құрады. Қазақстаннан Қытайға шығу екі есеге артып, тәулігіне орта есеппен 200 көлік құралына жетті.
Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерінің тауар айналымы мен өткізу қабілетін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасын табады.