«Сайлауды 12 ұйымның және 40 шетелдік 800-ден астам халықаралық байқаушы бақылайды. Сонымен қатар бүгін Қазақстанда 230-дан астам шетелдік журналист жұмыс істейді. Қазірдің өзінде көптеген пікірлер, бақылаулар бар. Бұл сайлау жаңа Қазақстанды құру жолындағы жаңа қадам», - деп атап өтті спикер.
Сыртқы істер министрі орынбасарының айтуынша, азаматтарға 62 мемлекетте 77 учаскеде дауыс беруге мүмкіндік берілген. Шетелде барлығы 12 мыңнан астам қазақстандық дауыс береді.