«Сайлау өткізетін орындарда құқық бұзушылықтарға ден қою үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылды. Бюллетеньдерді әкелгенге дейін барлық сайлау учаскелері қауіпсіздікке тексерілді. Сайлау орындарына бюллетеньдерді жеткізген кезде полиция ілесіп алып жүріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Сайлау туралы заңның 39-бабына сәйкес полиция қызметкерлерінің сайлау өткізу процесіне араласуға сондай-ақ дауыс беру үй жайларында болуға құқығы жоқ. Сондықтан бұл ретте сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың жолын кесу үшін олар комиссия төрағасы шақырған жағдайда ғана барады. Жалпы қазіргі уақытта елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ», - деді ІІМ өкілі.