Бас хатшы – ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі хатшылығының басшысы Дмитрий Кобицкийдің айтуынша, қысқа мерзімді мониторинг жүргізетін топқа 61 адам – ТМД парламенттерінің депутаттары, сарапшылар, демократияны дамытудың халықаралық мониторингі институтының қызметкерлері кіреді. 


«Бүгін таңертең ТМД ПА бақылаушылары Астанада ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де сайлау учаскелерін аралады. Қазіргі уақытта елеулі бұзушылықтар тіркелген жоқ. Сайлау процесі, әдеттегідей, жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өткім келеді. Біздің бақылаушылардың айтуынша, келушілер көп. Кешке едйін, учаскелер жабылатын кезде бұл демократияға жасалған үлкен қадам болды деп айта аламыз деп ойлаймын», - деді Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Өңірлік мәселелер және еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі Тұрақты комиссиясы Төрағасының орынбасары, бақылаушылар тобының үйлестірушісі Вагаршак Сосович Акобян.