«Бәріне қарсымын» бағанының енгізілгені маған ұнады. Бұл өте жақсы, бұл демократияның көрсеткіші, барлық топтардағы адамдар теріс болса да, өз пікірлерін білдіре алады. Менің ойымша, дауыстарды есептегенде, бұл көрсеткіш зерттеушілер мен әлеуметтанушылар үшін сайлауалды іс-шаралардың қаншалықты тиімді жүргізілгенін түсіну үшін қажет болады», - деді Кавказ тарихы орталығының директоры Ризван Гусейнов.  


Өз кезегінде саясаттанушы, қауіпсіздік мәселелері бойынша сарапшы, Кавказ Халықаралық университетінің профессоры Вахтанг Маисая жастардың қатысу белсенділігін ерекше атап өтті. 


«Бұл жастар тарапынан сайлау мәдениетінің жоғары екендігін білдіреді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету де жақсы ұйымдастырылған. Егер Грузия осы тұрғыда Қазақстанның тәжірибесін қабылдаса, бұл маңызды факторға айналуы мүмкін», - деп санайды спикер.