Елімізге халықаралық байқаушы ретінде келген Словакия Халық Радасының депутаты, Еуропа істері комитеті төрағасының орынбасары Петер Кмец учаскелердің қалай жабдықталғаны, дауыс беру процесі қалай өтіп жатқанына, дауыс беруге келген қазақстандықтар, байқаушылар үшін қандай жағдайлар жасалғанына қатысты өз пікірімен бөлісті.
«Сайлау - бұл демократия мерекесі, мен осы сайлауға қатысып, бақылап отырғаныма өте қуаныштымын. Сайлау учаскелерінде бәрі тыныш өтіп жатыр. Байқаушылар, сайлаушылар, комиссиялар үшін бәрі дайын. Ұйымдастыру деңгейі өте жақсы. Менің ойымша, бәрі демократиялық ережелер бойынша өтіп жатыр», - деді спикер «Сайлау-2023» онлайн-телемарафонында ОКҚ алаңында.
Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в
Telegram!