«Мен бүгін Қазақстанға ТүркПА, Түркия Ұлттық Ассамблеясының делегациясын бастап келдім. Бізде Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия өкілдері бар, сондай-ақ ТүркПА бас хатшысы және хатшылары келді. Біздің миссиямыз екі топқа бөлінді, біреуі Астанада, екіншісі Алматыда. Қазақстанда келгелі бірнеше жиналыс өткіздік. Таңертеңнен бері сайлау учаскелерін аралап жүрміз, сайлаушылармен, сайлау учаскелеріндегі қызметкерлермен, сондай-ақ байқаушылармен әңгімелесіп жатырмыз. Бұл жолғы сайлау өзгеше, себебі өзін-өзі ұсынып жатқан үміткерлер саны көп», - деді спикер.