«Өтініштерде орын алуы ықтимал заң бұзушылықтар, нақтырақ айтсақ, тыйым салынған кезде сайлау алдындағы үгіт жүргізу жөнінде айтылған. Сондай-ақ азаматтар бүгін келесі аумақтық прокуратураларға тікелей жүгініп отыр. Атап айтқанда, Астана қаласында - 4, Алматыда - 1, Шымкентте - 3 Шығыс Қазақстан обылсында - 5, Түркістан облысында - 4, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бірден. Олардың барлығы қаралу сатысында»,- деді БП өкілі.


Прокуратура органдары сайлау про цесінің заңдылығына жоғары қадағалауды жалғастыруда.