«Бұл науқан күрделі, бір адамға қалаларда 4, өңірлерде 5 бюллетень беріледі. Сондықтан ұзаққа созылуы ықтимал болғандықтан, әр сайлау учаскесіне 2 адамнан дайындадық. Олар сағат 15.00-16.00 аралығында ауысып, екінші байқаушы қорытынды хаттама шығарылғанға дейін бақылайтын болады. Өңірлерде ахуалдық орталықтар ашылды, оған нақты уақыт режимінде қандай да бір оқиғалар, стандарттық емес жағдайлар, заң бұзушылықтар бойынша ақпараттар түседі», - деді Т. Құнәділов. 


Оның айтуынша, саяси партиялардың немесе заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, тиісті сайлау комиссияларында аккредитациядан өткен үкіметтік емес ұйым өкілдері байқаушы бола алады. Байқаушылар пулы бірнеше науқанға қатысқан азаматтардан қалыптастырылады. Бұл өз кезегінде сайлау үрдісін әділ және объективті бағалауға мүмкіндік береді.