Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифинг барысында Қырғызстан СІМ жанындағы Дипломатиялық академияның Халықаралық қатынастар және құқық кафедрасы профессорының м.а. Ирина Оролбаева бүгін елімізде өтіп жатқан Парламент Мәжілісінің және маслихаттар депутаттарын сайлау барысын бақылау жайлы айтып берді.
«Адамдар қызығушылық танытуда. Олар дауыс беруге дайын болып келеді. Сайлау комиссияларының мүшелеріне сирек жүгінеді, бұл жақсы дайындық жұмыстары жүргізілгенінің белгісі. «бәріне қарсымын» бағанын енгізуді үлкен жетістік деп санаймын» - деді спикер.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!