Оның сөзінше, бұзушылықтар туралы келіп түскен әрбір хабарлама мұқият тексеруден өткізілуде.
«Қазіргі уақытта 19 тұлғаның тарапынан ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заңы талаптарының бұзылу фактілері расталды. Олардың 12-сі, бұдан бұрын айтылғандай, азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасау мақсатында сайлауға бюллетеньдер берумен байланысты. Олардың бесеуі Алматы облысында, үшеуі Солтүстік Қазақстан облысында, бір-бірден Жетісу облысында және Алматы мен Шымкент қалаларында, Жамбыл облысында тіркелді. Бұл құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі сайлау комиссияларының мүшелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 110-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылуда. 5 факті басқа сайлаушы үшін дауыс берумен ұштасқан, олар бойынша тең сайлау құқығы туралы талапты бұзған азаматтардың жауаптылығы ҚР ӘҚбК-нің 108-бабы бойынша шешілуде. Тағы екі факті тыйым салынған кезеңде, яғни бүгін сайлау алдындағы үгіттің жүргізілуі. Олар Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында орын алған. Бұл әрекеттер ӘҚбК-нің 102-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықтың құрамын құрайды», - деді БП өкілі.
Спикер ықтимал заң бұзушылықтар туралы әрбір хабарлама мен деректер мұқият тексеріліп, расталғандары бойынша міндетті түрде тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, комиссия төрағаларының актілері бойынша дер кезінде шешілген елеусіз оқиғалар орын алуда. Сайлау учаскелерінен 32 азамат шығарылды.
«Құқық бұзушылықтардың негізгі себептері – сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау, учаскеде бейнетүсірілім жүргізу, комиссия мүшелеріне дөрекі мінез-құлық көрсету. Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында бюллетеньдерді бүлдірудің үш дерегі тіркелді. Сайлау учаскесіне мас күйінде келген төрт қоғамдық тәртіп бұзушылық орын алды. Олар Алматы, Шығыс Қазақстан және, Ұлытау облыстары бойынша болған. Құқық бұзушылар куәландырылды және оларға ӘҚбК-нің 444-ші және 434-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды», - деді ІІМ өкілі.
Полиция қызметкерлері штаттық режимде қызметін жалғастыруда. Ел бойынша 506 жабық сайлау учаскелерінің 433нде дауыс беру аяқталды. Елдегі және сайлау учаскелеріндегі ахуал тұрақты.