«Жалпы 25 сайлау заңнамасын бұзу фактісі расталды. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша сараланды. 15 адамға қатысты 110-бап, 6 адамға 108-бап, 4 адамға қатысты 102-бап қолданылды. Өңірлер бөлінісінде Алматы обылсында - 8, СҚО – 5, Ақтөбе, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарында екеуден, Алматы мен Шымкент қалаларында және Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында бір бұзушылықтан тіркелді. Олардың ішінде 15-і бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылды. Қалған 10 факті бойынша кінәлілерді анықтап, тиісті жауапқа тарту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде», - деді Сарғазин.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, бүгін елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты болды. Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ. Төрағалардың актілеріне сәйкес сайлау учаскелерінен барлығы 57 азамат шығарылды. Полиция қызметкерлері азаматтарды шығарып тастау туралы актілерді орындау кезінде адамдардың құқықтарының бұзылуына жол берген жоқ.