Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтыды. Оның ішінде 124-і қалаларда, 76-сы ауылдарда орналасты. Сауалнамаға барлығы 30 мың сайлаушы қатысты. Оларға арнайы даярланған интервьюерлер face to face әдісімен сұқбат жүргізді. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды.
«Күні бойы 5 өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылар сағат 11.00, 14.00, 16.00, 19.00 және 21.00 жасалды. Сайлауға қатысқандар саны сайлаушылардың 53,25% құрады», - деді Еуразиялық интеграция институтының өкілі.
Exit poll-дың нәтижелері келесідей: «Amanat» партиясы - 53,46%, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10,52%, «Respublica» партиясы - 8,90%, Қазақстан Халық партиясы - 6,25%, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 3,22%, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 7,87%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,31%.
Респонденттердің 4,47% бәріне қарсы дауыс берді.