«Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын!

Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті.

Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!» – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.