Бакуден Алматыға ұшу аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері. Ал 16 наурызда «Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге ұшатын рейс ашты.
«Алматы - Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзербайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады», - деп атап өтті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.