Қазіргі уақытта әкімдіктер Жол карталары бойынша 41, өңірлік даму жоспарлары бойынша – 16 су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асырды.

«Қабылданған шаралар 213 елді мекенде қауіп-қатерді жоюға және 550 мыңнан астам адам тұратын 580 елді мекенде оны барынша төмендетуге мүмкіндік берді», - деді спикер.

Баяндамашының айтуынша, 2023 жылдың басынан бері өңірлерде 24 шақырымнан астам уақытша бөгеттер және елді мекендердің айналасында 60 шақырымға жуық қорғандар тұрғызылған. 4 мың км канал, 6 мың км арық, 15 мың автомобиль және 3000 темір жол су өткізу құрылыстары тазартылды.

260 мың тоннадан астам инертті материалдар, 15 мың тонна ЖЖМ, 1 млн данадан астам қапшық дайындалды. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі ниеттер туралы шарттар жасалды. 1700 шатыр, 49 мың кереует және 200 мыңнан астам төсек-орын дайындалды. Елді мекендерден 12,5 млн текше метрден астам қар шығарылды, 98 учаскеде жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп атап өтті спикер.

«Су тасқыны салдарының алдын алу және азайту мақсатында ТЖМ аумақтық шағын жүйелерінің бөлімшелері жоғары дайындық режиміне ауыстырылды», - деді Қ.Оразалин.