АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қоса алғанда әр балаға 1,5 АЕК (2023 жылы – 5 175 теңге) мөлшерінде қосымша төлем түрінде заттай түрден монетизацияланған көмек форматына ауыстырылды.

Осы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 134,1 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.