«Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай-ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады», – деді Орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.

Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады.