Іс-шараға ШЫҰ ұлттық үйлестірушілері, мүше мемлекеттердің бейінді министрліктері мен ведомстволарының, дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығы мен ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқару комитетінің басшылығы қатысты.
Консультацияға қатысушыларға арнаған сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш ШЫҰ қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыс Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына сәйкес басталғанын атап өтті. Ол ШЫҰ-ның барлық органдарының қызметін сараланған кешенді тәсілді және терең талдауды талап ететін алдағы жұмыстың өзектілігі мен ауқымдылығын атап өтті.
Қазақстандық тарап нормативтік-құқықтық базаны түгендеу, ШЫҰ-ның негізгі органдарының жұмысын оңтайландыру, кадр саясаты, қаржы жүйесі, сондай-ақ диалог бойынша бақылаушылармен және әріптестермен одан әрі өзара іс-қимыл бойынша тұжырымдамалық көзқарасты және бірлескен әрекеттердің нақты алгоритмін ұсынды.
Консультацияларға қатысушылар жұмыстың одан әрі тәртібін айқындайтын шаралар бойынша пікір алмасты және ШЫҰ қызметін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарымен таныстырды.
Анықтама: Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылды. Мүше мемлекеттер: Үндістан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы