Бүгінгі таңда ведомствоның 38 нормативтік құқықтық актісіне өзгерістер енгізіп, 154 талап қайта қаралды.

«Мәселен, мемлекеттік аттестаттауды өткізу рәсімдері қайта қаралды. Білім беру ұйымдары үшін есепті құжаттаманы дайындаудың бағаланатын кезеңі 4 жылдан 2 жылға дейін қысқартылды. Мұғалімдердің бейне сабақтарын ұсыну және материалдық-техникалық базаның жай-күйіне бейне шолу жасау бойынша талаптар алынып тасталды. Сондай-ақ ҰБТ және қорытынды аттестаттаудан өту кезіндегі жүктемені ескере отырып, 11 сынып оқушылары тестілеу рәсімінен босатылды. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу рәсімінің өзі қолданыстағы жүйелердің деректерін интеграциялай отырып, цифрлық форматқа көшеді», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов.

20 талапты қамтитын қалған үш нормативтік құқықтық акт бойынша жұмыс жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бизнеске жүктемені азайту, оңтайлы және тиімді реттеуші жүйені құру үшін «таза парақтан» реттеу тәсілі қалыптасқан болатын.