А. Бектенованың айтуынша, Азия чемпионатының алдында әр күрес түрлері бойынша екі кезеңнен тұратын оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Әлем чемпионатына да дайындық қарқынды жүріп жатыр.
«Оқу-жаттығу жиындары, жарыстар белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Алдағы қыркүйек айында Белградта өтетін Әлем чемпионатының ерекшелігі, ол – лицензиялық, одан соң бір аптадан кейін Азия ойындары болады», - деді ол.
Сондықтан жаттықтырушылар осы Әлем чемпионатына қатысуға баса назар аударатын болады. Өйткені ол сайыста Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынады.
Өз кезегінде, осы брифингке қатысқан Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов отандық жас палуандарымыздың шеберлігі күннен-күнге артып келе жатқанын мақтанышпен атап өтті.