Қаржы министрлігі экономиканың басым секторлары үшін несиелер арқылы сыйақы мөлшерлемелерін саралауды енгізу туралы тиісті қаулы жобасын әзірледі. 

«Өзгерістердің жаңа пакеті шеңберінде АӨК-тегі және қайта өңдеуді экономиканың анағұрлым басым салаларының тізбесіне енгізу және сыйақы мөлшерлемесінің мемлекет субсидиялайтын бөлігін 13,25%, қалған ЭҚЖЖ үшін 11,25% деңгейінде белгілеу ұсынылады», — деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Мәселен, 2022 жылғы 30 желтоқсандағы заңмен мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа тиімді моделіне көшуге бағытталған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы заңнамаға түзетулер енгізілді. МЖӘ шарттарын жасасу тек конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте тікелей келіссөздер тетігі ерекше жағдайларда – бірегей объектілерді құру үшін Үкіметтің шешімі бойынша ғана қолданылатын болады.

Жекелеген жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақыларын төлеуді тежеу көзделеліп отыр, сондай-ақ қоса қаржыландыруға шектеу енгізілді. Бұл шаралар артық маржаны азайтуға бағытталған. Цифрлық форматқа көшу арқылы іске асырылатын МЖӘ жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру процесінің ашықтығы мен қолжетімділігінің жаңа қағидаты енгізілді.

Кеңес барысында денсаулық сақтау саласындағы бизнестің түйткілді мәселелері де қаралды. Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев жаңа дәрілік заттардың нарыққа шығу мерзімдері бойынша бизнес мәселелерін қарау, жеке ұйымдардың қосымша бейресми медициналық білім беру курстарын жүргізуі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті баға белгілеу, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіпорынды сенімгерлік басқаруға беру кезінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекке тұру құқығын сақтау жайында баяндады.

Қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне МЖӘ жаңа моделін енгізу бойынша мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігі нақты шешімдер қабылдау арқылы «Атамекен» ҰКП-ның тікелей қатысуымен медицина саласындағы бизнестің түйткілді мәселелерін пысықтау тапсырылды.