Арман Шаққалиев атап өткендей, Пәкістан Қазақстанның маңызды сауда серіктесі болып табылады.

«Біз Исламабадта қазақстандық сауда үйінің ашылуына үлкен үміт артып отырмыз. Негізгі міндет – елдеріміз арасындағы тауар айналымын арттыру. Қазіргі геосаяси жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бірінші орынға шығады. Қазақстандық компаниялар Пәкістан нарығына 80-ге жуық тауар, атап айтқанда, азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізе алады», - деді бірінші вице-министр.

Жедел өзара іс-қимыл жасау үшін кездесуге қатысушылар қадамдық іс-қимыл жоспарын әзірлеуге және экспорт-импортқа арналған тауарлар тізбесімен алмасуға келісті.

«Пәкістан Қазақстан үшін үшінші елдердің нарығына шығатын терезе болады. Біз өз тарапымыздан Пәкістанға QazTrade-мен бірлескен Қазақстан-Пәкістан компаниясын құру арқылы ЕАЭО нарығына шығуды ұсынамыз», - деді Арман Шакқалиев.

Пәкістан Ислам Республикасының Лахор қаласының құрметті консулы Рао Халид Махмудтың айтуынша, Қазақстан мен Пәкістанда сауда-экономикалық байланыстардан басқа, мәдениет, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, өзара іс-қимыл үшін көптеген бағыттар бар.

«Пәкістан нарығы өте көлемді. Қолайлы географиялық жағдайға ие бола отырып, біздің еліміз Қазақстанға теңіз порттарына шығуды қамтамасыз ете алады, бұл Таяу Шығыс елдеріне тауарлар мен жүктерді жөнелтуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде Пәкістан Қазақстаннан 5 млн тоннаға дейін ұн мен бидай өнімдерін сатып алуға, сондай-ақ Қазақстан нарығына қант пен күріш шикізатын жеткізуге мүдделі», - деді Рао Халид Махмуд.

Сонымен қатар, пәкістандық бизнес қазақстандық сатып алушыға сапалы және тартымды бағамен картоп, мандарин, қырыққабат, сәбіз және экзотикалық жемістерді жеткізуге дайын.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 23,1%-ға төмендеп, 73,1 млн долларды құрады.

Қазақстан Пәкістанға негізінен ыстық илектелген және суықтай илектелген легирленбеген болаттан жасалған жалпақ прокат, қара металл қалдықтары мен сынықтары, минералды тыңайтқыштар, пияз, сарымсақ, зығыр тұқымдары, бұршақ дақылдары, қарақұмық, тары және басқа да дәнді дәнді дақылдарды экспорттайды.

Пәкістанан импортың негізгі тауарлары - цитрус жемістер, картоп, дәрі-дәрмектер, киім және басқалар.