Осыған орай алғаш рет Шымкент – Дели – Шымкент жаңа әуе бағыты ашылады.

Рейстерді «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысы («Эйр Астана» АҚ компаниялар тобы) 2023 жылғы 22 мамырдан бастап «Airbus-320» үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 2 рет жиілікпен орындайды.

«Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе қатынасының ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады», – делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.