Форум Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күніне және Халықаралық зияткерлік меншік күніне орайластырылған.

ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова форумды құттықтау сөзімен ашып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асыратын мемлекеттік саясаттың маңыздылығын, зерттеушілер мен инноваторлардың өз идеялары мен инновацияларын сақтауға мүмкіндік беретін, заңсыз пайдаланудан қорғауды қамтамасыз ететін, негізгі катализатор болып табылатын зияткерлік меншіктің рөлін атап өтті.

Қазақстан мен Қырғызстанның жас ғалымдары өз жобаларын таныстырды: «Цифрлық ресурстар мен бағдарлама құру», «Иттердің сүт безі обырының патогистологиялық диагностикасы», «Тау жағдайында туннель қазуға арналған бұрғылау станоктары» және т.б., содан кейін барлық қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, спикерлерге сұрақтар қойды.

«Наноспутник» жобасымен соңғы үш жыл бойы айналысып келген Алматы қаласы гимназиясының 10 сынып оқушысы Шолпан Амангелді тыңдармандардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жас өнертапқыштың айтуынша, «Наноспутник озон қабатының күйін зерттейді, жер маңайындағы кеңістіктің астрономиялық қозғалыстары жер сілкінісін болжай алады, сонымен қатар құрғақ климаты аймақтар үшін маңызды болатыны аудандарға жасанды жаңбыр шақыруына ықпал ете алады».

«International Centre of Scientific Collaborations» ЖМ (ICSC) ұйымдастырған түрлі халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары атанған талантты оқушыларға Жас өнертапқыш мектебі алғаш рет ғылыми форум форматында өткенін атап кеткен жөн. «Ғылымдағы балалар» жобасының қатысушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, басқа оқушылардың жаңа жетістіктеріне шабыт берді. Іс-шараны QAZPATENT және «International Center of Scientific Collaborations» ЖМ бірлесіп ұйымдастырды.