Спикердің айтуынша, 2001 жылдан бері іске асырылып жатқан «Жасыл Қазақстан» жобасы аясында каналдарды, су қоймаларын қайта жаңарту, каналдарды цифрландыру жұмыстары жүргізілуде.
«Бұл бағыттар қазір өзектендіріліп жатқан «жасыл экономика» тұжырымдамасы аясында дамытылуда. Бұған ауыл шаруашылығында да, өнеркәсіпте де су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі іс-шаралар кіреді», - деді департамент басшысы.
«Қазіргі уақытта барлық көрсеткіштер өзектендіріліп, тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келтірілуде. Біз биыл екінші жартыжылдықта «жасыл экономика» бойынша өзектендірілген тұжырымдаманы қабылдаймыз деп отырмыз, онда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін барлық көрсеткіштер көрсетіледі», - деді спикер.