2022 жылы Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты тауар айналымы $1,9 млрд-ты құрады (оның ішінде экспорт – 1,87 млрд, импорт – 47 млн), 2021 жылмен салыстырғанда 65%-ға артты ($1,16 млрд, оның ішінде экспорт – 1,11 млрд, импорт – 46,8 млн).

Сонымен қатар еңбек ресурстары министрі – екінші сауда және өнеркәсіп министрі Тан Си Ленгпен кездесуде екі ел арасындағы сауда қатынастарын кеңейту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, Алматы облысындағы G4 City ауқымды инвестициялық жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ G4 City жобасы аясында тұрақты және инновациялық спутниктік қалаларды құру мәселесі бойынша Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі холдингі «Temasek» және «Surbana Jurong» консалтингтік компаниясымен келіссөз жүргізіліп, оның барысында жобаны жүзеге асыруға сингапурлық инвесторлар мен заманауи технологияларды тарту туралы келісімге қол жеткізілді.

G4 City жобасы спутниктік қалаларды құруға ғана емес, сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, инновацияларды ынталандыруға және аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Алматы облысында ҚР Үкіметінің шешімімен ауданы 30 мың га болатын «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылған.

Жаңа экономикалық аймақ интеграцияланған G4 City қаласын құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климатты қамтамасыз етеді деп күтілуде, бұл өз кезегінде бүкіл аймақтың дамуына жаңа серпін береді.

Елдер арасында әуе тасымалы географиясын кеңейту мақсатында «Changi Airport Group» компаниясының бас директоры Ли Сеоу Хианмен кездесу өтіп, оның барысында Сингапур-Қазақстан тікелей әуе бағытын ашу мәселелері талқыланды.

«Changi» әуежайы Сингапурдың негізгі әуе қақпасы, ол әлемдегі жүктемесі өте көп 6-шы, ал Азиядағы 2-ші әуежай саналады.

Сингапур тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында қолайлы инвестициялық ахуал құруда айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өтті.