Атап айтқанда, 1 қаңтардан бастап жүйеге 45 пәтер мен апартамент, 23 қонақ үй және 12 қонақтарға жалға берілетін үй қосылды. Сондай-ақ, eQonaq жүйесіне 7 жатақхана, 2 сауықтыру орталығы, 1 кемпинг және 1 туристік база кірді.
«eQonaq жүйесі бірден бірнеше маңызды функцияларды орындайды. Мысалы, Қазақстанға келетін қонақтар ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және т.б. Басты мақсат - туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге көптеген нысандар қосылып жатыр. Сондықтан біз алға қойған міндеттерге біртіндеп жақындап келе жатырмыз деп айтуға болады», — деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.
eQonaq жүйесі 2020 жылдың соңында іске қосылған. Осы уақыт ішінде оған 2446 заңды тұлға, оның ішінде 734 қонақ үй тіркелді.