Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Байқау екі кезеңнен (өңірлік және республикалық) тұрады. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 4 аталым («Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін») бойынша өзара үздікті анықтайды. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады.

Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер өз материалдарын қағаз түрінде және электронды форматта облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.

Өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздің барлық кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуға шақырады.

Байқауға қатысты өзге ақпаратты білу үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына, сондай-ақ ҚР ЕХӘҚМ Еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік басқармасына 8 (7172) 74-35-11 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз.