Спикер журналистің өткен жылы ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін біздің елге қанша Ресей азаматы келгені туралы және Ресей азаматтарының келуінің екінші толқыны күтіле ме деген сұрағына жауап бере отырып, қазіргі уақытта жағдай штаттық режимде жүріп жатқанын атап өтті. Күн сайын Қазақстанға шамамен 7 мың ресейлік келеді және соншасы кетеді. Оң немесе теріс динамика жоқ.

«Өткен жылы біздің мемлекеттік органдар Үкіметпен келісім бойынша бақылау тетіктерін пысықтады. Бірінші кезекте, бұл уақытша болуға тіркеуді алған кезде Қазақстан Республикасындағы жеріне келгенге дейін шекараны кесіп өтуінен бастап, процестерді автоматтандыру. Жаңа ережелерге сәйкес біздің елге келген адамдар мұнда 180 күнтізбелік күн ішінде 90 күннен артық бола алмайды. Бұл шаралар кез келген елдің азаматтарының тиісті тіркеусіз ұзақ уақыт болуын болдырмау үшін қабылданды», - деді Көші-қон комитетінің басшысының м.а.