«Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қағидалары әзірленіп, бекітілді, оларға сәйкес арнайы жағдайлар жасалады және педагогтердің көмегіне мұқтаж барлық балалар оқу процесінде сүйемелденеді. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі енгізілді», – деді спикер.

Сонымен қатар, педагогтерге практикалық көмек көрсету үшін тәжірибелі жалпы білім беретін мектептер базасында ресурстық орталықтар құрылуда. Бүгінгі таңда бұл саладағы басты мәселе - кадрлардың жетіспеушілігі болып отыр, деді РММ директоры.

Оның пікірінше, педагогтерді ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу әдістеріне оқыту жөніндегі шараларды күшейту қажет.