Оның айтуынша, ESG қағидаттарын енгізуге байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында агенттік бұл қағидаттарды қаржы ұйымдарының жұмысына кезең-кезеңмен енгізуді көздеп отыр. Биыл ESG бойынша ақпаратты жариялау қаржы ұйымдарымен ерікті түрде жүзеге асырылатын болса, 2024 жылдан бастап ол міндетті талап болмақ.  

«Сонымен қатар агенттік Қазақстанның қаржы нарығын реттеуге ESG қағидаттарын енгізу саласында бірқатар қосымша бастамаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Келесі кезең болып 2023 жылы тәуекелді басқару мен корпоративтік басқарудың ішкі жүйелерінде ESG факторларын есепке алу бойынша реттеуші талаптарды белгілеу болады», - деп нақтылады департамент директоры.  

Бұдан басқа, ESG тәуекелді қаржы ұйымдарын қадағалау жүйесін енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарындағы экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөнінде нұсқаулықты, сондай-ақ банктердің несие портфельдерінің көміртегі ізін бағалау бойынша нұсқаулықты әзірлейтін болады. Жақында агенттік осындай шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп түйіндеді спикер.