Елорданың саябақтарында, гүлзарларында және басқа да ашық алаңдарында жаз мезгіліне дайындық қызу жүріп жатыр. Ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, әктеу, субұрқақ кешендерін консервациялау жұмысы жүргізілуде. 

8 сәуірден 6 мамырға дейін елордада «Жасыл Астана» эко-айлығы өткізіледі, оның аясында бірнеше сенбілік жоспарланып отыр. Мәселен еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының, ШОБ өкілдерінің көмегімен полигонға 800 тоннадан астам қалдық шығарылды.

Жалпы ауданы 4 млн шаршы метр болатын саябақтар мен скверлер жиналды. 

29 сәуірде Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді, оның барысында ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызады, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындарының маңын тазартады. 3 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылмақ. 

2023 жылы миллион жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер және т.б.) егу жоспарланып отыр. Оның барысында жапырақты ағаш түрлеріне басымдық беріледі.