Ел басшылығы қолдауының арқасында республикада жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, ауыл медицинасын, денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс күшейтілді, денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық бағыттылығы қамтамасыз етілді, ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулер енгізілді, балаларды профилактикалық тексеру пакеттері кеңейтілді, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік туындаған кезде тексерулер жеделдетілді.

Жедел медициналық көмек қызметі 1 367 бірлік автокөлік сатып алу жолымен күшейтілді, бұл ел халқына шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету кезінде «алтын сағат» қағидатының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Көлік медицинасы жанданды, 77 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсеткен «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» 2 медициналық пойызының жұмысы қайта жанданды.

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде қолда бар 49 жылжымалы медициналық кешенге медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында қосымша 100 заманауи ЖМК сатып алынды, 2022 жылы ЖМК қызметтерімен 3307 елді мекен қамтылды, ауыл тұрғындарына 1 820 833 емдеу-диагностикалық қызмет көрсетілді, 149 326 науқас анықталды.

Төлеушілерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру активтерінің 900 млрд теңгесі халыққа медициналық көмек көрсетуге және кеңейтуге бағытталған.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 3 есе, медициналық оңалту және консультациялық-диагностикалық көмек 11 есе, оның ішінде қымбат көрсетілетін қызметтер 5 есе ұлғайды.
Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде елімізде денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады.

Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-да жалпы өлім-жітім көрсеткіші 29%-ға төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда 6,77 құрады. Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім - жітім 32,7%-ға, обырдан – 7,9%-ға, жарақаттан – 5,3%-ға төмендеді. Ана өлімі 2021 жылмен салыстырғанда 3 есеге төмендеп, 100 мың тірі туғандарға шаққанда 17 құрады, сәбилер өлім-жітімі 9%-ға төмендеп, 1000 тірі туғандарға шаққанда 7,68 құрады.

Халық денсаулығы көрсеткіштеріндегі оң өзгерістер өмір сүру ұзақтығының өсуіне әсер етті және тарихи маңызға – 74,44 жасқа қол жеткізудің кепілі болды, ол пандемияға дейінгі ӨСҰ деңгейінен 1,26 жасқа асып түсті, ал 2019 жылы ол – 73,18 жасты құрады.

Өмір сүру ұзақтығын арттыру – ел дамуының жарияланған ұлттық мақсаттарының бірі.