Кешенді жоспардың әзірленген жобасы 64 тармақтан тұрады.
Жобада салықтық және кедендік әкімшілендіру, бюджетті бөлу, тиімді бәсекелестік және заңсыз бизнеске қарсы іс-қимыл салалары бойынша жүйелі шаралар көзделген.
Мұнай және мұнай өнімдері айналымы, көлік, сауда, ауыл шаруашылығы, құрылыс, криптоактивтер және басқа да салаларда жедел шаралар бекітілген.
Ерұлан Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдарға Кешенді жоспар жобасын келісуді және 2023-2025 жылдарға арналған көрсеткіштерді есептеу әдістемесін қамтамасыз етуді тапсырды.
Вице-премьер бұл мәселе Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі жұмыс экономиканы дамытудың негізгі факторы екенін атап өтті.