Аталған заң жобасының таныстырылымында сарапшылардың айтқан ұсыныс, ескертулері осы құжатты әзірлеумен айналысатын кіші жұмыс топтарының нақты тараулар мен бөлімдердің мазмұнына байланысты жиындарында талқыланып, ескерілетін болады.

Бұл реформа Қазақстандағы сәулет, қала құрылысы мен құрылыс жұмыстарын жүзеге асырып, оның қызметін қадағалайтын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы қатынастарды реттеуді көзейді. Сондай-ақ халықтың толыққанды қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды орнықты дамытуға бағытталған.

Осы ретте Құрылыс кодексінің жобасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында көпшілікке қолжетімді екенін айта кету керек (https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/documents/details/463479?lang=kk).