Сонымен қатар, шаруалардың жоғары сұранысын ескере отырып, форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғасын тапты.

Жалпы, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ ҰК биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға және тауарлық кредиттер беруге кемінде 70 млрд теңге бағыттайтын болады. Бұл бағыттар егіс науқаны кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың пәрменді құралдары болып табылады.

Бүгінгі таңда «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 21,2 млрд теңге бөлді және оның жалпы сомасы 20,3 млрд теңгеге шаруалардың өтінімі қаржыландырылды. Қаражат ӘКК-ден қайтаруға тиісті кепілдіктер берген фермерлік шаруашылықтардың шоттарына аударылды. Осылайша, қазіргі уақытта 280,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өніміне келісімшарт жасалды. Оның көп бөлігі бидай, арпа және күнбағысқа тиесілі.

Азық-түлік корпорациясы биыл бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, күнбағыс, майлы зығыр, рапс және соядан бөлек, алғаш рет Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен 1,2 млрд теңгеге 6 мың тонна көлемінде күріш жармасын форвардтық сатып алды.

Форвардтық сатып алумен қатар, бидай мен арпаның мақсатты тауарлық несиесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауда сұранысқа ие болған қажетті құралдың бірі болды.

Бүгінгі таңда 72 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден 566 мың тонна көлемінде тауарлық кредит беруге 83 өтінім келіп түсті, оның ішінде 500 мың тоннадан астам астыққа өтінімдер мақұлданды. Қалғандары қаралып, облыстардың үйлестіру кеңестеріне бекітуге жіберілді.

ӘКК-нің кепілдіктері негізінде 293 мың тонна көлемінде тауарлық кредиттер берілді. Қалған жасалған шарттар бойынша тиісті кепілдіктер беріледі деп күтіліп отыр.

Жалпы, тауарлық кредит беруге өтінімдерді мақұлдау пайызы шамамен 97% құрайды. Өтінімдердің қабылданбауы әлеуетті контрагенттердің қанағаттанарлықсыз қаржылық жағдайына байланысты болды.

Тауарлық несие беру механизмі фермерлерге өз ақшаларын салмай-ақ, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясының» астығын өздерінің өндірістік жоспарларын жүзеге асыру үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі 2023 жылғы 1 қарашаға дейін деп бекітілді.

Азық-түлік корпорациясы күзгі кезеңде астықтың жеткізілуіне қарай астықтың резервтік қорын жаңартуды қамтамасыз етеді, елдің мал өсірушілері мен құс өсірушілері үшін жем-шөп қорын қалыптастырып, ұн тарту және басқа да өңдеу кәсіпорындары үшін астық резервін құрады. Осы ретте маусымаралық кезеңде сатып алынған көлемдер белгіленген баға бойынша сатылатын болады, бұл дайын өнімнің бағасын жыл ішінде тұрақтандыруға мүмкіндік береді.