Осы мақсатта облыста 20 мектеп бой көтереді деп жоспарлануда. Оның 14-і – 2024 жылы, алтауы – 2025 жылы пайдалануға беріледі. Білім беру нысанының басым бөлігі Ақтөбеде салынады, өйткені мұнда Батыс-2 сияқты жаңа тұрғын үй алаптары пайда болуда. Оқушыларға орын тапшы. Сонымен қатар, 1 мектеп – Қандыағаш қаласында, 4 мектеп – ауылдарда бой көтереді. Осылайша, Шұбарқұдық ауылында апатты мектеп мәселесі шешіліп, Кеңқияқ ауылында жаңа ғимарат салынады.

Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта жобаларды уақытылы іске асыру бойынша шаралар қабылдануда, айтарлықтай проблемалық мәселелер жоқ.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов әрбір жобаны тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.

Сондай-ақ, білім басқармасына жаңа мектептердің кадрлық құрамын қалыптастыруға қатысты жұмыстарды бастау жүктелді.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында барлық мектептер бірыңғай стандартқа сай салынып, заманауи техникамен жабдықталады. Балаларды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерге ие болады.