Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге және 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жеңіс Парадының қатысушысы Иван Степанович Гапичке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.