Бауырластар зиратында қолында автоматы бар жауынгердің мүсіні орнатылған. Ескерткіштің жанындағы таста «1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларынан Ржевті азат ету үшін болған шайқаста қаза тапқан РРе881-ші атқыштар дивизиясы мен 331-ші зеңбіректі артиллериялық полктің майдандас жауынгерлеріне» деп жазылған.
Бұл жерде 2000-нан астам солдаттың мүрдесі жатыр. Жерленгендер тізімінде Қазақстан Президентінің әкесінің ағасы – Қасым Болтаев та бар.