Ішкі істер саласының өкілі елімізде тіркелетін барлық қылмыстық істердің 96%-ын, ал әкімшілік өндірістердің 97%-ын ішкі істер органдары жүргізетінін айтты. Оған қоса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 39 түрі бойынша жыл сайын 10 млн астам қызмет көрсетіледі. Яғни, халықпен ең жиі және тығыз жұмыс істейтін орган – ол полиция.
«Біздің қызметкерлердің іс-әрекетіне қарап билік туралы жалпы көзқарас қалыптасады. Соны ескеріп, қазір Қазақстанның полициясы заманауи сервистік модельдерге көшіп жатыр. Оның негізгі принциптері – заңдылық, жан-жақтылық, әдептілік, хабардарлық және жеделдік. Бұл қоғаммен бірге қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасында көзделіп отыр», – еді М. Қожаев.
Тұжырымдаманың басты ерекшелігі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жиналған жүйелік проблемалардың себебін жоюға бағытталуы. Стратегиялық құжаттың негізгі бағыттары - құқықтық бұзушылықтың түпкі себептері мен жағдайларын жою арқылы азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін қорғау деңгейін арттыру, азаматтардың үмітіне сай келетін жаңа форматтағы полиция құру болып отыр.
«Құжат жобасы ІІМ сайтында жарияланған, құжатты талқылауға барлық белсенді азаматтарды шақырамыз», – деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.