Кездесу барысында Конституциялық Соттың судьялары жаңартылған конституциялық бақылау органының өкілеттілігімен және жұмысының нәтижелерімен таныстырды.
Конституцияда азаматтар мен олардың өкілдеріне, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және Бас прокурорға Конституциялық Сотқа жүгіну құқығының берілуі – 2022 жылғы конституциялық реформаның гуманистік және құқық қорғаушы бағытының бір дәлелі. Бес айдың ішінде Конституциялық Сотқа 2,7 мыңнан астам азамат жүгінді.
«Енді әрбір азамат өз өкілдері арқылы осы органда өзінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тікелей қорғай алады. Азаматтардың мұндай тікелей қол жетімділіктің берілуі Конституциялық Соттың жұмысын одан әрі жауапты етеді», – деді КС Төрағасы Эльвира Әзімова.