Жыл сайын автокөліктерді сатып алу-сатуды рәсімдеу және қайта тіркеу үшін ХҚКО-ға алты миллионға жуық қазақстандық келеді. Әрине, бұл өз кезегінде ХҚКО-ға ұзақ уақыт жүріп бару, онда кезек күту, автокөлік сатушысымен есеп айырысу үшін өзімен бірге үлкен көлемде ақша алып жүру сияқты қолайсыздықтар туғызды.

Осыған байланысты ІІМ “Kaspi”, “Halyk” және “Freedom” банктерінің мобильді қосымшаларында автокөліктерді онлайн-режимде қайта тіркеу сервисін іске қосты. Аталмыш сервис сатушы мен сатып алушыға сатып алынатын/сатылатын автокөлікке салықтарды немесе айыппұлдарды тексеру мен төлеуден бастап мемлекеттік нөмірді, сондай-ақ автокөлік иесіне сатып алынған көлік құжаттары мен таңдалған нөмірді алуға ыңғайлы болатын ХҚКО-ны таңдауға дейінгі қызметтердің бүкіл циклын ұсынады.

ІІМ осы қызметті “CenterСredit”, “Eurasian Bank”, “Bereke Bank” және “ForteBank” мобильді қосымшаларына шығару бойынша жұмыс жүргізді. Сонымен қатар ведомство онлайн-сервистер арқылы автокөлікті бастапқы тіркеуді іске қосуды жоспарлап отыр.

Барлық мемлекеттік органдардың ішінде ІІМ халыққа қажетті қызметтердің басым бөлігін көрсетеді. Мобильді қосымшалар қарапайым және түсінікті, ал оларды пайдалану мемлекеттік органдармен тікелей байланысуды керек етпейді, сондықтан министрлік көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді смартфонизациялауды қарқынды түрде жүргізіп жатыр.