ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева өз сөзінде электронды темекінің кәдімгі темекіден немен ерекшеленетіні, балалар мен жасөспірімдер арасында үрей туғызатындай қарқынмен таралып келе жатқан вейп деп аталатын темекінің бірнеше түрі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Бүгінгі таңда ең үлкен қауіпті хош иістендіргіштері бар вейптер қауіп төндіріп отыр. ДДҰ мәліметтері бойынша, бүгінде оның 16 мыңға жуық дәмдік хош иісі белгілі. Жаңа төртінші буындағы вейптер тыныс алу жолдарының эпителийін зақымдап, тіндер гипоксиясын тудыруы мүмкін жоғары концентрациялы аэрозольдердің жинақталуына мүмкіндік береді. Темекі түтіні сияқты, формальдегидтің де әсері байқалды», – деді спикер.

Зерттеулер бұл өнімнің аса уытты екенін көрсетеді. Тұтынудың мұндай деңгейі никотинге тәуелді азаматтардың жаңа буынына, олардың денсаулығына кері әсер тигізуіне әкелуі мүмкін, деп ескертеді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Оның айтуынша, вейптерді тұтынудан тыныс алу мүшелері ең көп зиян шегеді. ДДҰ мәліметтері бойынша, вейпті пайдаланатындар, тіпті оны жай тартып көрген болса да, нәтижесінде, кәдімгі темекіні екі есе артық шегеді. Вейп шегу өкпе жасушаларына теріс әсер етеді, жастар арасында тыныс алу мүшелері ауруларының жиілеуіне әкеледі және парадонтозбен ауыру қаупін арттырады.

Сонымен қатар Қазақстанда тыныс алу мүшелері ауруларынан болатын өлім-жітім қан айналымы жүйесі ауруларынан кейін екінші орында тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі атап өткендей, бүгінде 300 мыңға жуық қазақстандық тыныс алу мүшелерінің ауруларымен есепке алынған.

Қазақстан жұртшылығы бұл мәселе бойынша бірнеше жылдан бері дабыл қағып келеді. Гүлнар Сәрсенбаеваның айтуынша, өткен шақырылымдағы Парламент депутаттары вейптер мен олардың хош иістендіргіштеріне толық тыйым салу туралы заң жобасына бастамашы болған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл бастаманы қолдады. 2021 жылдан бастап бұл мәселе түрлі алаңдарда талқыланып,  «Атамекен» алаңында бизнес қоғамдастықпен қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады.