Ведомствоның хабарлауынша, 2023 жылғы 3 шілдеден бастап «FlyArystan» әуе тасымалдаушысы А–320 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі) Астана-Ташкент бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер санының артуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететін болады.