Қазақстаннан Сингапурға Экспорт 2022 жылы 67,8%-ке өсіп, 1,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Сингапурға қазақстандық экспорттың өсуі мұнай жеткізілімдерінің 68,6%-ға немесе 761,6 млн АҚШ долларын ұлғаюы әсерінен болды (1,1-ден 1,87 млрд АҚШ). Қазақстаннан Сингапурға негізгі экспорттық тауар мұнай болып табылады, оның үлесі 99,9%.

Сингапурдан Қазақстанға Импорт 2022 жылы 0,5% -ға өсіп, 47,1 млн АҚШ долларын құрады.

Сингапурдан Импорт негізінен компьютерлік өнімдерден, әртүрлі өлшеу жабдықтарынан және химиялық заттардан тұрады.

Анықтама: 2023 жылдың 1 тоқсанында елдер арасындағы тауар айналымы 7%-ға қысқарып, 393,5 млн АҚШ долларын құрады, бұл мұнай жеткізілімінің 14%-ға 357,2 млн АҚШ долларына дейін төмендеуінің салдары болып табылады, ал Сингапурдан импорт 2023 жылдың 1 тоқсанында 5 есеге яғни 36,1 млн АҚШ долларына дейін өсті. (өсім 19,9 млн АҚШ долларына 1 ұшақ сатып алу есебінен болды).