Оның айтуынша, өсімдіктер дүниесін пайдаланғаны үшін алымдардың енгізілуі орынды. Өйткені өсімдіктер дүниесін коммерциялық мақсатта жинау жабайы өсімдіктердің түрлерінің деградациясына немесе жойылуына әкеп соғуы мүмкін.
«Өсімдіктер дүниесін пайдаланғаны үшін алынатын алымдар кейіннен жабайы өсімдіктер өсетін алқаптар мен олардың санын ұлғайтуға бағытталады», – деді М. Нұрпейісов.
Бұл ретте ол 2018 жылдан 2022 жылға дейін Қытайға 40 мың тоннаға жуық мия тамыры экспортталғанын атап өтті.
«Егер оны ақылы мөлшерлемелер бойынша алатын болсақ, олар негізінен елдің оңтүстік өңірлерінде дайындалады, орташа төлем мөлшерлемесі 1 келісі үшін 100 теңгені құрайды, егер 40 мың тоннаға алсақ, шамамен 4 млрд теңге шығады», – деді М. Нұрпейісов.