Іс-шарада 2023 жылы саяси қуғын-сүргін тарихына арналған кезекті материалдар мен құжаттар жинағын жарыққа шығару жоспарланғаны жөнінде мәлімет берілді.

Сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар XX ғасырдың 1920-50 жылдары аралығындағы саяси қуғын-сүргін тақырыбына қатысты материалдарды терең зерттеуге және талдауға арналған ғылыми жобалардың нәтижелерін таныстырды.

Бұдан бөлек, комиссия отырысында ғалымдар мен зерттеушілердің ізденіс жұмыстарын қолдау мақсатында ұйымдастырылған нысаналы қаржыландыру бағдарламасының орындалу барысы қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссияның баспа қызметін дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, архив базасын жүйелеу және қорларға біріктіру ісін жалғастыру секілді негізгі бағыттарына қатысты тапсырмалар берілді.