Е.К. Жамаубаев өз сөзінде республикалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 101,9%-ға орындалып, 16 трлн. теңге құрағанын атап өтті. Жоспар 310 млрд. теңгеге, оның ішінде салық түсімдері бойынша – 210 млрд. теңгеге асыра орындалды. Салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы қосылған құн салығына келеді.

Бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаюы негізінен макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру есебіне келеді.

Бюджет шығыстары 98,6%-ға орындалды және 18,5 трлн теңгені құрады.

2022 жылы 3 мемлекеттік бағдарлама және 10 ұлттық жоба іске асырылды, олар Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін іске асыру аясында бекітілген болатын.

Мәселен, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыруға 227 млрд теңге бөлініп, 201 млрд теңге игерілді.

Сондай-ақ, есепті жылы 15,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгені, тиісінше 131 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартқаны атап өтілді.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жоспарға сәйкес 9 мың уақытша жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар, ол 2022 жылы камералдық бақылаумен шамамен 11,8 трлн теңге сомаға 545 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылғанын және 2,3 мың аудиторлық іс-шаралар өткізілгенін атап өтті. Тексеру қорытындысы бойынша 337 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 319 млрд теңгеге бұзушылықтарды жойды.

Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде 33 ұсыныс берілгенін, оның ішінде 22 іс-шара орындалғанын айтты.